Previous Page  114 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 144 Next Page
Page Background

114

Жұмақтың кілті жаныңда

басына барып тұрған адам қайтыс болғаннан кейін

періштелер оның қабіріне барып тұрады»

119

.

Осман ибн Сәудәнің анасы өте діндар, тақуа кісі

болатын. Айналасындағылар оны осы қасиетіне бай-

ланысты «Рахибә» деп атайтын. Осман ибн Сәудә ана-

сы қайтыс болғаннан кейін әр жұма күні қабіріне ба-

ратын. Анасы мен сол мазардағы өлілердің рухтарына

арнап дұға жасап, Аллаһ тағаладан олар үшін кешірім

тілейтін. Бір күні түсінде анасын көреді. Анасына:

«Анашым, жағдайың қалай?» – деп сұрайды. Анасы:

«Балам, қабір әлемінің өзіне тән қиыншылығы бар.

Алайда Аллаһқа шүкір, мен бәрзах өлкесінің (қабірге

енген сәттен ақыретке дейін жалғасатын кезең)

әсемдігін тамашалаудамын. Ақыретке дейін райхан

гүлдің иісін иіскеп, жібек төсекте отыратын болдым»,

– дейді. Осман анасынан: «Маған айтар тілегіңіз бар

ма?» - деп сұрайды. Анасы: «Әр жұма бізге келіп

тұратын әдетіңді тастама. Себебі мен жұма күні

қабіріме келуге бел байлаған кезіңде сүйінші хабар

аламын. Маған ол жерде былай дейді: «Ей, Рахибә,

жанұясын үйінде тастап, саған қарай ұлың келе жа-

тыр». Мен де, басқа қабірдегілер де бұған қатты

қуанамыз», – дейді.

Қазіргі кезде адамдардың көпшілігі жұмысбасты,

шаруалары тығыз. Осындай қарбалас дүниеде күйбең

тіршіліктен аналарымыздың, әкелеріміздің және

жақын туыстарымыздың қабірлеріне баруға уақыт

таппай жатамыз. Кейбіріміз жұмыс бабымен ауылдан

ұзап, алысжерлерге қоныстандық. Осыған қарамастан,

ата-аналарымыздың қабіріне бара алмасақ та, Құран

119

әл-Хаким әт-Тирмизи. Нәуадирул-Усул. I, 126-бет.