Previous Page  112 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 144 Next Page
Page Background

112

Жұмақтың кілті жаныңда

жеріміздің қара жердің қойнауы екенін, бұл дүниенің

өткінші екенін еске салады.

Бұрынғы аталарымыз өлімді әрдайым естен

шығармаған. Сондықтан Шортанбай ақын:

Жалаңаш болып жауға шап,

Ажалдан бұрын өлер ме?

Ноқталы басқа бір өлім,

Өлмей де адам жүре ме?

115

, – деп өлеңіне қосқан.

Ал Әріп Тәңірбергенұлы:

Өлімнің жанды затқа болмағы хақ,

Өлімге өлшеулі дем арналған шақ.

Тірлікті босқа өткізбей ғапылатпен,

Өлімді ойлау керек осынан-ақ...

Өлімнен бұрын, өлмек қамын ойла,

Санаулы аз өмірді босқа жойма

116

, – деп ой

түйген.

Қазіргі таңда адамдар өлімді көп ойлай бермейді.

Тіпті өлімді өзіне жақындатқысы келмейді. Дегенмен

өлім – хақ. Бізге де бір күні кезек келеді. Бұл дүниедегі

арман-тілектеріміз бітпесе де Әзірейілдің тырнағына

ілінеміз. Сонда өзімізбен бірге байлық ретінде тек қана

жүрегімізде, рухымызда, ниеттерімізде бар нәрселерді

ғана алып кете аламыз. Жамбыл атамыз осы ақиқатты

әсем тілмен жырында былай деп төккен екен:

Дос-жаранға, кемтарға

Қайырлы бол делінген!

Қылған қайыр болмаса,

Не әкетесің өмірден?

Дәулетіңнен не пайда

115

Шортанбай. Толғаулар, айтыстар, дастан. 46-бет, (құр: Қ.

Мәдібаева, К. Жүністегі), Алматы, 1993.

116

Ай, заман-ай, заман-ай. II, 224-бет.