Previous Page  115 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 115 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

115

хатымын жасап, ізгі істер істеп, осылардың сауа-

бын рухтарына бағыштасақ, соның өзі оларға үлкен

қуаныш.

Фадл ибн Мәуқыф басынан өткен мына оқиғаны

баяндайды: «Әкемнің қабіріне жиі-жиі барып тұратын

едім. Бір ретінде солай қарай жол алғанымда жаназа

көріп қалдым. Жаназа намазына қатысайын дедім.

Ары қарай басқа істеріммен шұғылданып кетіп,

әкемнің қабіріне баруды ұмытып кетіппін. Бір күні

түс көрдім. Түсімде әкем қабіріне неге келмегенімді

сұрады. Болған жайды баяндап бердім. Сонда әкем:

«Аллаһтың атымен ант етейін, сен көпірден өтіп,

қабірімнің басына келіп отырғанға дейін жолыңды то-

самын. Сен кетіп бара жатқанда да көпірден өтіп кет-

кенге дейін артыңнан қимай қарап тұрамын», – деді».

Адамның түсі ақиқатқа дәлел бола алмаса да,

дегенмен ақиқатқа қарай ашылған қақпа іспеттес.

Негізінен түстер көбінесе шындыққа жанаса бермейді.

Тек қана таңға жақын көрілген түс қана ақиқатты

білдіреді. Әсіресе ақырзаман таяп қалған қазіргі кезде

адамдардың көрген түстерінің көбісі ақиқатқа жақын

болады. Мұны бізге Пайғамбарымыз мәлімдеген. Бұл

түстер кейде тура сол көрілгендей шықса, кейде жору

керек болады. Фадлдың түсі де ақиқатты білдіретін,

бізге сабақ болатын түстердің бірі десек қателесе

қоймаспыз иншаллаһ.

3. Ата-анаға қарсы келудің күнәсі

және зардабы

Құрандағы аяттарда және хадистерде Аллаһ

тағаланың ақысынан кейін ата-ана ақысының айты-