Previous Page  120 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 144 Next Page
Page Background

120

Жұмақтың кілті жаныңда

белшесінен батпаққа батырды деген мағынада арапша

«Иәмин ғамус» деп атайды. Ата-анаға қарсы шығуды

Пайғамбарымыз осындай ауыр күнәлардан да бұрын

атайды.

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

харам-

дарды баяндаған келесі хадисінде де ата-анаға қарсы

шығуды қоса айтқанын көреміз:

«Аллаһ тағала

сендерге аналарыңа қарсы шығуды, қыздарыңды

тірідей топыраққа көмуді, қарыздарыңды төлемеуді,

басқалардың құқықтарына қол сұғуды, өздеріңе

тиесілі емес нәрселерді алуды харам қылған. Ол өсек-

аяңды, көп сұрақ қоюды, керекті-керексіз жерге мал

шашып, ысырап жасауды жек көреді»

127

.

Бұл жерде «аналарға қарсы шығу» деп

айтылғанымен, әкелердің де осының ішіне кіретіні

белгілі. Себебі жалпы аяттар мен хадистерде ата-

ананың екеуіне де құрмет талап етіледі. Бұл жер-

де тек қана аналардың айтылуы, олардың әкелерге

қарағанда сезімтал, нәзік жанды болып, әкелерге

қарағанда көңілшек болатындығына байланысты.

Айрықша аналарға көрсетуіміз керек құрмет әкелерге

көрсетілетін құрметтен үш есе артық екенін хадистер-

ден білеміз.

Абдулаһ ибн Аббас

«Олар үлкен күнәлардан

және бос, мәнсіз істерден бойларын аулақ ұстайды,

ашуланған кезінде өкпелерін іштеріне сақтайды,

қасындағы адамның кемшіліктерін кешіреді»

128

және

«Олар, жақсы адамдар, кіші кемшілік пен күнәлар

болмаса да, үлкен күнәлардан, пайдасыз нәрселерден

127

Бухари. Истикраз. 19; Әдеп. 6; Зекет. 53; Муслим. Ақдия. 10-14.

128

«Шура» сүресі, 37-аят.