Previous Page  122 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 122 / 144 Next Page
Page Background

122

Жұмақтың кілті жаныңда

өлтірген адам Аллаһ тағаланың мейірімінен мақұрым

қалатыны секілді, ата-анасына қарсы шығып, оларға

құрмет көрсетпеген перзент те Аллаһ тағаланың

рақымы мен мейірімінен мақұрым қалады.

Күнәлардың үлкені ─ ата-анаға тіл тигізу

«Адам ата-анасына тіл тигізуі мүмкін бе?» – деп

сұрайтын болсақ, көпшілік бұл сұрақты орынсыз

көретіні белгілі. Бірақ адам баласы кейде байқамастан

өз ата-анасын балағаттап қоюы мүмкін.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір күні са-

хабаларына:

«Кісінің өз әке-шешесін балағаттауы

– үлкен күнә»,

– деді. Сахабалар таң қалып: «Адам

өз ата-анасын балағаттай ма екен?» – деп сұрады.

«Иә, кісі егер басқа адамның әкесін балағаттаса,

әлгі адам да ашуланып оның әкесін балағаттайды.

Біреудің анасын балағаттаса, ол да әлгі кісінің ана-

сын балағаттайды»

130

.

Демек, біреудің әке-шешесін балағаттаған адам

шын мәнінде өзінің ата-анасын балағаттағандай бо-

лады. Ал бұл адамды үлкен күнәға батыратын жайт.

Қазақта «аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген

ғибратты сөз бар, сондықтан бұған аса сақ болған

жөн. Асылында бұл мүмінге жат қылық.

«Олардың Аллаһтың тысында табынатын

тәңірілерін балағаттамаңдар, олар да надандықпен

шамасына қарамастан Аллаһты балағаттамасын»

131

деген аятта айтылғандай мұсылманның міндеті

басқаларды балағаттау, жекіру, бұза-жару, іріткі

салу емес қайта қоғамда бұзылған жүйені жөндеу,

130

Муслим. Иман. 146; Тирмизи. Бирр. 4.

131

« Әнғам» сүресі, 108-аят.