Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
125
ескерткен еді. Иә, адамдарға зұлымдық жасаған және
туыстарымен қарым-қатынасын үзгендердің жазасын
Аллаһ тағала тек қана ақыретте емес, осы дүниеде де
тартқызады.
Әке-шешесіне қарамаған, туған-туыстарымен
қатынасты үзген адамдар осы дүниеде де көптеген
қиындықтар мен қасіреттерге тап болып жатады.
Олар мұның себебін біле алмауы да мүмкін. Алай-
да Аллаһ тағаланың әділдігіне орай олардың істеген
күнәларының қарымы осы дүниеде беріледі. Олар
сондықтан да осыдүниеде қым-қиғашқиындықтармен
арпалысып, бастары қайғымен күн кешіп кете бер-
мек.
Әке-шешеге қарсы шыққандардың істеген
жақсылықтары қабыл болмайды
Әке-шешені тыңдамай қарсы келудің жамандығы
соншалық адам баласы мұның жазасын әрі осы
дүниеде әрі ақыретте тартуға мәжбүр болады. Өзін
қызылшақа кезіненбастап ешбір қиындыққамойымай,
мәпелеп өсірген ата-анасына қарсы шығу – жақсылық
қақпаларының тарс жабылуына әкеп соқтырады.
Сондықтан адам баласы мұндай қайғылы жағдайға
душар болғысы келмесе қолынан келгенінше олардың
көңілін тауып, ақ батасын алуға тырысыпбаққаныжөн.
Өйткені Пайғамбарымыз тағдырды қабылдамағандар,
ата-анасына қарсы шығып жасаған жақсылықтарын
міндетсінгендер мен оларға зұлымдық жасағандар
үшін бүкіл жақсылық жолдарының жабылатынын
айтып кеткен. Сонымен қатар олардың тәубелері мен