Previous Page  121 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

121

сақтанады. Сенің Раббыңның кешірімі ұлан-ғайыр»

129

деген аяттардағы үлкен күнәлардың мыналар екенін

айтады:

• Аллаһқа серік қосу

• Аллаһтың рақымынан үміт үзу

• Аллаһ тағаланың азабына ұшырамайтынына

сенімді болу

• Ата-анаға қарсы шығу, туысқандармен байла-

нысын үзу

• Жазықсыз жанды және мұсылманды өлтіру

• Ар-намысы таза, абыройлы, тұрмыстағы

әйелге зина жаласын жабу

• Жетімнің малына қол сұғу

• Соғыс майданынан қашу

• Пайыз алу

• Дуа, сиқыр жасау және жасату

• Зина жасау

• Өтірік ант-су ішу және жалған куә болу

• Соғыс кезінде мемлекетке түскен олжа мен

мемлекет қазынасынан жымқыру

• Зекеттің жиналуына кедергі келтіру және зекет

бермеу

• Арақ ішу

• Біле тұра намаз оқымау

• Сөзінде тұрмау

Ибн Аббастың жоғарыда көрсеткен күнәларының

бәрі үлкен күнәға жатады. Ата-анаға қарсы шығу мен

туысқандармен байланысты үзу де Аллаһ тағалаға

серік қосу, адам өлтіру, зина жасау секілді адамдық

қасиеттерге жат күнәлармен қатар айтылады. Кісі

129

«Нәжм» сүресі, 32-аят.