118
Жұмақтың кілті жаныңда
Ислам дінінде күнәлар үлкен және кіші болып
екіге бөлінеді. Құран Кәрімде немесе хадистерде қатты
ескерту жасалған, лағынет айтылған, жаза айтылған
күнәлар үлкен күнәларға жатады. Жоғарыдағы ха-
дисте Аллаһ тағалаға серік қосу, ата-анаға қарсы
шығу, өтірік айту мен жалған куә болудың үлкен күнә
екендігі айтылады.
Үлкен күнәлардың ішінде ең ауыры – Аллаһ
тағалаға серік қосу, яғни тағы басқа құдай бар деп сену
немесе Оның әмірімен болатын нәрселердің кейбірін
басқаларға таңу.
Сахаба Абдуллаһ ибн Мәсуд ең үлкен күнәнің
не екенін білгісі келіп, Пайғамбарымыздан: «Аллаһ
тағаланың алдында ең үлкен күнә қайсысы», – деп
сұрайды. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Сені
жаратқанына қарамастан Аллаһ тағалаға серік
қосуың»
123
, – деп жауап береді.
Лұқпан сүресінде де:
«Лұқпан ұлына: «Балам,
ешқашан Аллаһқа серік қоспа! Себебі серік қосу – өте
үлкен зұлымдық», – деп насихат айтты»
124
, – дейді.
Аятта адам баласының ең үлкен зұлымдығы мен
әділетсіздігі – Аллаһ тағалаға серік қосуы екені ай-
тылады. Ол шексіз рақымы мен мейірімімен барлық
мұң-мұқтажымызды өтеп жатқанда Оны танымау,
білмеу үлкен зұлымдық болса керек.
Үлкен күнә ретінде белгіленген екінші жәйт
– ата-анаға қарсы шығу. Адамның адамгершілігі
оған ең көп еңбегі сіңген ата-анасына деген қарым-
қатынасынан байқалады. Ата-анасына жақсылық жа-
123
Муслим. Иман. 141.
124
«Лұқпан» сүресі, 13-аят.