Previous Page  117 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 117 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

117

ұрыс-керіс шығарып тұрады. Туыстарды іздемеу, хал-

жағдайын сұрамау, оларға ат ізін салмау мұсылманның

емес, мұнафықтың қасиеті. Бірақ туысқандармен

байланысын үзген адамның бәрін мұнафық деп

айтуға болмайды. Тек қана мұнафықтық сипатқа ие

деуге болады. Себебі кімнің мұсылман, кімнің кәпір,

кімнің мұнафық екенін Аллаһ тағаладан басқа ешкім

білмейді.

Туысқандық құқықтарға мойынсұну Аллаһ

тағаланың әмірі болғандықтан жүрегінде иманы бар

адам туысқандарымен байланысты үзбеуі керек.

Оларға немқұрайды қарап, арадағы туысқандықты

ұмытпауы, оларға кесірін тигізбеуі тиіс.

Ата-анаға қарсы шығу – үлкен күнә

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір күні са-

хабаларынан: «Үлкен күнәлардың ең ауыры қайсысы

екенін айтайын ба?», – деп сұрағанда сахабалар: «Иә»,

– деп жауап береді. Аллаһ елшісі : «Аллаһ тағалаға

серік қосу, ата-анаға қарсы шығу», – дегеннен кейін

сөзін жалғастырып: «жақсылап тыңдаңдар, өтірік

айту мен жалған куә болу», – деп, осы айтқандарын

қайта-қайта қайталаған екен

122

.

Пайғамбарымыз сахабаларына маңызды бір

нәрсе айтар кезде алдымен тыңдаушылардың наза-

рын өзіне аудартып, ынтамен тыңдауы үшін әңгімесін

сұрақпен бастайтын. Жоғарыдағы хадисте де сол

әдісті қолданғанын байқаймыз. Маңызды үш күнәні

баяндамас бұрын сұрақ қойып, тыңдаушының наза-

рын өзіне аударады.

122

Бухари. Шәһадат. 10; Әдеп. 6; Истизан. 3; Муслим. Иман. 143.