Previous Page  113 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

113

Таусылмайтын көрінген!

Жалғыз мұраң сол болар

Қол қайырым берілген.

Басқа дүние бәрі де

Көмілмейді кебінмен

117

,

Сахаба Әбу Һурәйрә Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

анасының мазарына барып, жылағанын

және қасына еріп барғандардың да Оған қосылып

жылағанын баяндайды. Қалайша жыламасын!

Пайғамбарымыздың саңлақ сахабалары Ол қуанса,

жүректері жарылып кете жаздайтын, ол қайғырса,

олардың да көңілін мұң шалып қайғыратын. Тіпті

ғаламның өзі Ол қуанғанда қуанып, көзінен жас там-

са, қосылып жылайтын. Себебі Ол болмаса әлем Ұлы

Жаратушысын тани алмас, өмірлері салтанатқа айнал-

мас еді ғой. Сондықтан көктегі періштелерден бастап,

теңіздегі балыққа дейін Онымен тығыз байланыста

болатын.

Хазірет Айша анамыз әкесі Әбу Бәкірден (р.а.)

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мына хадисін

естігенін баяндайды:

«Ата-анасының немесе біреуінің

қабірінің басына жұма күні барып, Ясин сүресін

оқыған адамның кіші күнәлары кешіріледі»

118

.

Сахаба Абдуллаһ ибн Омар Пайғамбарымыздан

естіген сүйінші хабарын былай деп жеткізеді:

«Ана-

сының немесе туысқандарының біреуінің қабіріне бар-

ған адамға хажж мәбрур (анасынан жаңа туғандай

күнәсіз халге келтіретін қажылық) жасағандай са-

уап жазылады. Өмірінің соңына дейін өлгендерінің

117

Ө. Күмісбаев

. Жамбыл және Шығыс әдебиеті. ҚазҰУ хабарш -

сы. Шығыстану сериясы. №3 (28), 2004.

118

әл-Мунауи. Фәйзул-Қадир. VI, 141-бет.