110
Жұмақтың кілті жаныңда
сөндіреді»
112
. Пайғамбарымыздың осы тағылымына
сәйкес иісі мұсылман халқымыз: «Әкең өлсе де, әкеңді
көрген өлмесін» деген екен.
Бірде хазрет Омардың да былай дегені бар
еді: «Қабірде жатқан әкесін қуантқысы келген
адам әкесінің бауырларымен, достарымен қарым-
қатынасын үзбесін, олардың үйіне барып тұрсын»,
– деп, перзенттің бойында о дүниелік болған әкенің
осындай бір ақысы барын айтады. Мұсылман
ғұламасы Қады Ияз туысқандармен қатынас жай-
ында былай дейді: «Силатур-рахм – әрбір адамның
мойнындағыборышы.Хадистерденбайқағанымыздай,
туысқандармен байланысын үзу – үлкен күнә. Алайда
силатур-рахмның дәрежелері бар. Оның ең төменгі
дәрежесі – туысқандармен байланысты үзбеу, олармен
сөйлесіп, сәлемдесу. Силатур-рахм міндетін атқару
адамның мүмкіншіліктеріне қарай өзгереді. Ол кей
жағдайда уәжіп, кейде мұстахап (жай ғана сауапты іс)
болады. Егер адам силатур-рахмды кәміл дәрежеде
орындамаса да, әйтеуір туысқандарымен азды-көпті
сыйласып тұрса, хадисте айтылған: «Қаты», яғни
туысқандарымен байланысын мүлдем үзген адам»
санатына кірмейді. Дегенмен мүмкіншіліктері бола
тұра туысқандарына көңіл бөлмеген адамға силатур-
рахм міндетін атқарды деп те айтуға болмайды».
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде :
«Туысқандарымен байланысын үзген адам жаннатқа
кіре алмайды»
113
, – деген.
112
әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Әусат. VIII, 279-бет; әл-Бухари. әл-
Әдәбул-Муфрәд. I, 29-бет.
113
Бухари. Әдеп. 2; Муслим. Бирр. 18-19.