Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
105
болғайсың! Мына бау-бақшамды анамның атынан
садақа ретінде беремін», – дейді
103
.
Сахаба Сағд анасының атынан бау-бақшасын
садақа ретінде беру арқылы анасының рухына сау-
ап жолдайды. Себебі бақшадан пайдаланған әрбір
адамның дұғасының сауабы Сағдтың анасының да
амал дәптеріне көшіріледі. Мұндай садақаларға діни
әдебиетте «садақа-и жария», яғни сауабы тоқтамастан
жалғаса беретін садақа дейді. Ата-ананың атынан
мешіт, аурухана, мектеп, монша, су көзі, асхана т.б.
салдырып, халықтың игілігіне ұсыну садақа-и жа-
рия болып саналады. Себебі көпшіліктің пайдасы-
на ұсынылған әлгіндей мекендер халыққа қызмет
көрсеткен күннен бастап салдырған адамға және
сауабы бағышталған адамға бірдей толассыз ағып
жатқан арнаның суы іспеттес сауаптар толқыны ағып
келе береді. Әрбір адамның арманы осы өмірден өтіп
бара жатқанда артында өзіне жақсылығы жазылып
тұратын осындай садақа қалдыру болса керек. Осы-
лайша қабірінде жатқан кезінде әрі адамдардың алғыс-
тілектерін алады, әрі екінші мәрте оралуы мүмкін
емес мына өмірден сауаптардың ағып келіп жатуына
жағдай жасаған болады.
Қажылық және өзге де құлшылықтарының
қазасын өтеу
Ата-анамыз парыз құлшылықтарын ауру-
сырқау, жағдайы келмеу т.б. себептерге байланысты
өтей алмаған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ар-
тында қалған перзенттері олардың орнына кейбір
103
Бухари. Уәсая. 15; 20; Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. I, 370-
бет.