Previous Page  100 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 144 Next Page
Page Background

100

Жұмақтың кілті жаныңда

Өсиеттерін орындау

Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін де балалары

оларға жақсылықтарын арнай алады. Баланың осы

жақсылықтардың бірі – олардың өсиеттерін орындау.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бұған ерекше

назар аударған. Бір кісі Аллаһ елшісіне келіп:

«Уа, Пайғамбарым! Әке-шешем қайтыс болып

кеткеннен кейін оларға жақысылық жасау мүмкіндігі

бар ма? Оларға қандай жақсылық жасай аламын?»,–

деп сұраған кезде ол:

«Иә, бар»

деді де сөзін әрі қарай

жалғап:

«Олар үшін дұға жасау, Аллаһ тағаладан

олардың күнәларын кешіруін тілеу, өсиеттерін

орындау, әке-шешеңнің артта қалған ағайын-

туыстарымен туыстық қатынастарды үзбеу, әке-

шешеңнің достарын да жақсылық жасап көңілдерін

жадырату»

92

, – деді.

Әлгі кісі Пайғамбарымыздың аузынан әке-

шешесіне жақсылық жасаудың қашан да кеш емес

екендігін естіп қуанғаннан: «Уа, Аллаһтың елшісі, бұл

мүмкіндіктер шынында да көп екен, қандай керемет!»

дегенде, Пайғамбарымыз:

«Осы айтқан нәрселерімді

орында»

93

, – деп сөздерін тәмәмдаған болатын.

Олар үшін дұға етіп Аллаһтан кешірім тілеу

Мұсылман құлдың өмірінде дұға аса маңызды

құлшылық екені белгілі. Ата-анамыздың көзі тірі-

сінде олар үшін қаншалықты дұға етсек, олар о

дүниеге аттанып кеткеннен кейін де оларға жа-

сар жақсылығымыз арттарынан дұға ету болмақ.

Сондықтан да біз намаздағы соңғы отырысымыз-

92

Әбу Дәуд. Әдәб. 119; Ибн Мажә. Әдәб. 2.

93

Ибн Хиббан. әс-Сахих. II, 162-бет.