Previous Page  104 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 144 Next Page
Page Background

104

Жұмақтың кілті жаныңда

бере алатын сыйлығы – ол үшін кешірім тілеу»,

101

дегенін айтады.

Олардың атынан садақа беру

Перзент ретінде ата-анамыздың артынан жа-

сай алатын ең ізгі істеріміздің бірі – олардың аты-

нан садақа беру. Бір пақырды тойдыру, шәкірттің

білім алуына септігін тигізіп жәрдемақы беру, шипа

іздеген ауруға материалдық көмек көрсету деген

сияқты садақа түріндегі құлшылықтарымыздан

келетін сауапты ата-аналарымызға бағыштай ала-

мыз. Аллаһ тағаланың қазынасы шексіз. Әрі ғибадат

дегеніміз нұрлы сәуле секілді, жасалған жақсылық

бір сәтте бірнеше адамның амал дәптеріне жазылады.

Ең бастысы біз жақсылық жасауға ниеттенгенімізде

оларды да ниетімізге ортақ етсек болғаны. Осыны

хадисінде баяндаған Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

:

«Ата-анаңыз мұсылман болса садақа ретінде

жасаған ғибадаттарыңызда ата-анаңызды да қосып,

олардың рухтарына сыйлық жіберіңдер. Сендердің

сауаптарыңнан ешнәрсе кеміместен оларға да бірдей

сауаптар жазылады»

102

.

Абдуллаһ ибн Аббастың риуаят етуі бойынша са-

хаба Сағд ибн Убадәнің анасы өзі жоқта қайтыс бо-

лады. Хазрет Сағд Пайғамбарымыздың қасына келіп:

«Ей, Аллаһтың елшісі, анам мен жоқта бақиға ат-

танды. Оның атынан садақа берсем сауабы маған да

жазыла ма?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Иә»,

– деп жауап береді. Сонда Сағд Пайғамбарымызға

қарап тұрып: «Уа, Аллаһтың расулы, Сен өзің куә

101

әл-Бәйхаки. Шуабул-Иман. VI, 203-бет.

102

әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Әусат. VII, 92-бет.