Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
101
да үнемі Ибраһим пайғамбардың тілегеніндей
Раббымызға:
«Уа, Раббымыз! Мені және әке-шешемді
және бүкіл мұсылмандарды қиямет күні кешіре
гөр!»
94
,– деп дұға етеміз.
Хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) немересі Ұруа ибн
Зүбәйр нәпіл намаздарының сәждесінде: «Аллаһ
тағалам, Зүбәйр ибн Әууам және Әсма бинт Әби
Бәкірді кешіре гөр!», – деп әке-шешесі үшін дұға етеді
екен.
Ханафи мазхабының имамы Әбу Ханифаның
әйгілі шәкірттерінің бірі Әбу Юсуф намаздарынан
кейін үнемі: «Аллаһым, әке-шешемді және ұстазым
Әбу Ханифаның қателіктері болса кешіре гөр!», – деп
дұға жасағаны баяндалады
95
.
Әнәс ибн Мәликтің жеткізген бір хадисінде
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Қайтыс болып
қабірде жатқан мына жеті топтың сауаптары
жалғасып тұрады: Ғалым (ғылым үйреткен адам),
адамдардың пайдасы үшін құбыр қазып су жүргізген,
бұлақтың көзін ашқан, ағаш отырғызған, мешіт
салғызған, артында мұра ретінде Құран қалдырған
және өзінің артынан дұға етіп кешірім тілеу үшін
ізгі ұрпақ қалдырғандар»
96
,– деген болатын.
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бізге мәңгі ағып
тұратын жеті қайырлы арна барын айтады. Бұл
арнаның бірі – артыңнан дұға жасап тұратын салиқалы
ұрпақ. Ата-ананың осылайша амал дәптері жабылмай,
мәңгілікке жақсылықтары жазыла бермек.
94
«Ибраһим» сүресі, 41-аят.
95
Ф. Адил. Кудси ики варлык анне-баба. 137-бет.
96
әл-Мунзири. әт-Тарғиб уәт-Тәрхиб. III, 255-бет; әл-Мунауи.
Фәйзул-қадир. IV, 87-бет.