98
Жұмақтың кілті жаныңда
ды мұсылман болуға шақырамын. Бірақ ол менің бұл
тілегіме әрдайым қарсылық танытады. Бүгін тағы
да мұсылман болыңыз деп өтінгенімде ол сіз жайлы
жағымсыз сөздерайтыпкөңілімді қалдырды.Өтінемін,
анамның мұсылман болуы үшін дұға жасаңызшы!» –
дедім. Пайғамбарымыз менің бұл ынтамды көріп: «Уа,
Ұлы Аллаһ! Әбу Һурайраның анасына тура жол нәсіп
ете гөр!», – деп қол жайып дұға етті. Бұл сүйінші ха-
барды жеткізейін деп анамның қасына құстай ұштым.
Үйге келсем есік жабық тұр екен. Есіктің арғы
жағынан анамның аяғының дыбыстарын естідім. Ол
маған: «Күте тұр, Әбу Һурайра, қазір келемін»,– деді.
Үйдің ішінен судың салдырлаған даусы естілді. Ғұсыл
құйынып, киімдерін киіп, орамалын асыға тағып анам
есікті ашты да маған: «Әй, Әбу Һурайра! «Әшһәду
ән лә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадан
әбдуһу уә расулуһу» деп мұсылман болғандығын жа-
рия етті. Мен бұл жолы қуаныштан көз жасымды тыя
алмай, Пайғамбарымыздың қасына құстай ұштым.
Пайғамбарымызға «Сүйінші, уа, Аллаһтың елшісі!
Аллаһ тағала дұғаңызды қабыл алды. Анама тура
жол нәсіп етті», – деп қуанышты хабарды жеткіздім.
Мұны естіген кезде Пайғамбарымыз Аллаһқа мадақ
айтып, ұлықтады. Тағы да жақсы нәрселер айтты. Мен
Пайғамбарымыздан қайтадан: «Уа, Аллаһтың елшісі!
Анам мен мені мұсылмандар жақсы көрсін және бізге
де оларды жақсы көргізсін деп дұға етсеңіз екен!», –
деп қиыла өтіндім. Сонда пайғамбарымыз: «Уа, Аллаһ
тағалам! Мына құлыңды және анасын мұсылман
құлдарыңа жақсы көргіз. Олардың жүрегінде де
мұсылмандарға деген сүйіспеншілік отын жаға көр!»,
– деп дұға жасады. Осы дұғадан кейін мені көріп