94
Жұмақтың кілті жаныңда
Фадыл ибн Яхиа әкесін қатты құрметтейтін.
Тағдыр жазып, екеуі түрмеге бірге түсіп қалады.
Фадылдың әкесі дәретін үнемі жылы сумен алатын.
Түрменің күзетшілері түрмеге отын кіргізуге рұқсат
бермегендіктен, су ысытуға мүмкіндіктері болмайды.
Аязды күндердің бірі еді. Әкесі ұйықтап қалған кезде
Фадыл бір жез ыдыс алып, оған су құяды. Ыдысты
таң атқанға дейін көз ілмей жанып тұрған шамның
үстіне ұстап тұрады. Таңертең әкесіне жылы сумен
дәрет алғызғанына қуанып, өзін бақытты сезінеді.
Танымал мұсылман ойшылдарының бірі Ф. Гүлен
болса: «Өмірімде бір рет болса да әкемнің туған әрі
қазіргі жатқан жері Қорыжық ауылына қарай аяғымды
созып жатқан емеспін»
87
, – деп ата-анасына деген
құрметін баяндайды.
Иә, Ислам нәрімен сусындап, мұсылмандықты
бойына сіңірген жандардың ата-аналарына көрсеткен
құрметтері бізге әрдайым ғибрат.
Ұйықтап жатқанда мазаларын алмау
Ата-ананың мазасын алатын нәрселерден де
сақтанған жөн. Әсіресе қартайған кезде адамдар тым
сезімтал келеді. Кез-келген әрекеттен мазасы қашуы
мүмкін. Сондықтан үйде олар ұйықтап жатқанда
айқайлап сөйлеп немесе тарсыл-гүрсіл дыбыстар
шығарып олардың мазасын алмаған жөн.
Алдыңғы бөлімде үңгірді паналап, үңгірдің
аузы жабылып қалған үш кісі жайлы айтылған бо-
латын. Олардың араларындағы біреуі ата-анасын
құрметтегені соншалық, алып келген сүтін оларға
беру үшін таң атқанға дейін оянғанын күткені және
87
Ф. Гүлен. Күчүк дүниям. 41-бет, Станбул, 2006.