Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
93
қабығын аршып кептіретін. Өйткені қабығы аршылған
қамыс жанған кезде түтіні шығып иістеп кетпейді.
Қыс басталған кезде анасының үйіне барып, анасы
намаз оқып тұрғанда жаурамасын деп қамыс жағып
тұратын. Қамыс жайлап жанып анасының арқасын
жылытып, әрі түтіндеп исі шықпағандықтан мазасын
да алмайтын. Анасы ұлына: «Құлыным, үйіңе қайт!
Түнде жанұяңмен бірге болуың керек», – дегенде ба-
ласы: «Анашым, олардың қандай қажеттіліктері бар
екенін мен жақсы білемін, сіз қам жемеңіз», – деп
жауап береді екен. Хұзәйл күніге таңертең анасына
ерте сауылған сүт жіберетін. Хафса баласына: «Ба-
лам, менің күндіз сүт ішпейтінімді білесің ғой», –
деп сүт жіберіп әуре болмай-ақ қоюы керектігін ай-
татын. Баласы болса: «Асыл анам! Ең дәмді сүт түні
бойы желінде тұрып таңертең сауылған сүт. Бұл сүтті
ішуге ең лайықты сізсіз деп ойлап, оны ешкімге бе-
руге қимаймын. Қаласаңыз өзіңіз ішерсіз, болма-
са қалаған бір адамыңызға берерсіз», – деп жауап
беретін. Баласы қайтыс болғаннан кейінгі сезімдерін
Хафса былай тілге тиек еткен-ді: «Жаным, құлыным,
Хақ тағаланың құзырына құстай ұшты. Оны қатты
сағынғаным соншалықты, жүрегім сыздап, қан
жылайтынмын. Іштегі қайғы өзегімді өртейтін.
Дертіме шипа болсын деп Құран оқитынмын. «Нахл»
сүресіндегі:
«Сендердегі нәрселер өткінші, Аллаһтың
қасындағылар мәңгілік. Біз сабыр сақтағандарға ең
жақсы іс-әрекеттеріне сый ретінде жаннатты тар-
ту етеміз, жамандықтарын кешіреміз»
86
,
– деген аят
қайғымды басуға себеп болды».
86
«Нахл» сүресі, 96-аят.