Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
91
Олардың бірі – Пайғамбарымыздың күйеу баласы,
үшінші халифа Осман (р.а.), екіншісі – Хариса ибн
Нұғман (р.а.).
Османның (р.а.): «Мұсылман болғалы бері анама
дұрыстап көңіл бөле алмадым» деген сөздері – оның
анасын қаншалықты құрмет тұтқанының белгісі.
Яғни, анама қаншалықты құрмет көрсетуге тырыс-
сам да де жеткілікті бола қоймас, оның ақысын өтей
алмаспын деген ниетпен айтқан еді.
Хариса ибн Нұғман болса, анасының тамағын өзі
ішкізетін, басын да тазалап беретін. Тіпті анасының
айтқандарын түсінбей қалған кездері одан қайталап
сұрауға ұялып, шығып кеткеннен соң қасында
болғандардан «анам не деді» деп сұрайды екен.
Әбу Һурайра (р.а.) да анасын ерекше құрметтейтін
сахабалардың бірі еді. Ол үйінен шығарда да, кірерде
де әрдайым анасына:
– Анашым, Аллаһ тағаланың мейірімі мен
берекесі жаусын!,– дейді екен. Анасы да баласына:
– Құлыным менің, саған да Аллаһ тағаланың
мейірімі мен берекесі жаусын!,– деп ризашылығын
танытатын. Ал Әбу Һурайра болса:
– Кішкентай кезімде маған жалықпай қарап,
тәрбиелегеніңдей Аллаһ тағала да сізге мейірімін
төксін!, – деп дұға еткенде анасы оған:
– Құлыным, Сен маған қаншалықты жақсылық
жасасаң, Аллаһ тағалам саған рақымдылық танытып,
мейірімін жаудырсын!, – деп жауап беретін.
Баянды құрметтің белгілері
Кез келген бала үшін құрметке лайық адамдардың
қатарында ең әуелі ата-анасы тұрады. Ал оларға де-