86
Жұмақтың кілті жаныңда
Маған құлшылық жасайтын адам болмағанда, Маған
қарсы келген адамдарға ешқандай мүмкіншілік бер-
местен жерді жойып жіберер едім. Ей, Мұса, Маған
иман етіп, жалғыз екенімді қабылдаған адам – Мен
үшін жаратылыстардың ішіндегі ең сүйкімдісі. Ей,
Мұса, ата-анасына қарсы келген перзенттің аузынан
шығатын бір сөз бар. Ол сөз – егер жер бетіндегі бүкіл
құм түйіршектерімен өлшенсе, таразыны тең басатын
ауыр сөз». Сонда Мұса пайғамбар: «Уа, мені шексіз
нығметке бөлеген мейірімді Раббым! Ол қандай сөз?»
– деп сұрайды. Аллаһ тағала: «Ата-анасы баласына
бір нәрсені бұйырғанда баласының оларға «Жоқ» деп
жауап беруі», – дейді»
78
.
Ата-анасы бір нәрсені қаласа, баласы: «Айтсаңыз
болды, орындаймын. Тағы басқа айтарыңыз бар ма?»
– деп, айтқанын екі етпеуі керек. Керісінше «Жоқ»
деп, болымсыз түрде жауап беру – Аллаһ тағаланың
қаһарын тудыратын ең ауыр сөз.
Ата-ана залым, жауыз болса да, дін тұрғысынан
басқа көзқарасты ұстанса да баласы ретінде оларды
сыйлап, әдеппен тіл қатуымыз керек. Алдыңғы бөлім-
де Құран кәрімде баяндалған Ибраһим пайғамбар
мен пұтқа табынатын әкесі Азәр арасындағы диа-
логты айтқан болатынбыз. Сол диалогта Ибраһим
пайғамбар әкесінің алдында жұмсақ мінез танытып,
қаншалықтықұрмет көрсетсе де, әкесі онытаспенұрып
қорқытпақшы болады. Ибраһим пайғамбар әкесінің
қорқытқанына, ұрсып-жекігеніне қарамастан, кетіп
бара жатқанда әкесі үшін Аллаһ тағаладан кешірім
сұрап, дұға жасайтынын айтады. Осы мысалдың өзі
78
Әбу Нуайм. Хилятул-Әулия. II, 343-бет.