88
Жұмақтың кілті жаныңда
құзырым.Сол кезде сендерге істегеннәрселеріңдітүгел
айтып беремін»
81
– деп,
ата-анаға жақсылық жасауды
бұйырады. Тек қана олар баласын жамандыққа жете-
леп, Аллаһ тағаланы тануға кедергі жасап, Одан басқа
құдірет бар деп, серік қосуға үгіттер болса ғана оларды
тыңдамауға болады. Өйткені Ұлы Жаратушыға серік
қосу – үлкен күнә. Оған ешкім өз баласын мәжбүрлей
алмайды.
Табиғиндардың арасында әйгілі ғұлама Хасан әл-
Басридан ата-ананы тыңдау жайлы сұрақ сұралған
кезде ол:
«Аллаһ тағаланың әміріне қарсы шығатын
іс болмаса болғаны, басқа істердің барлығында
оларға бағынып, қолыңдағы бар мал-байлығыңды со-
лар үшін жұмсауың – ата-анаға жасалған жақсылық
болмақ»
,– деп жауап берген көрінеді.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзінің ата-
анасына деген құрметін білдіру мақсатында былай
дейді: «Егер ата-анам немесе екеуінің біреуі қазір
тірі болғанда, мен құптан намазына тұрып, Фатиха
сүресін оқи бастағанда, әкем мені «Мұхаммед», – деп
шақырса, мен дереу: «Не бұйырасыз?» – дер едім»
82
.
Саңлақ сахаба Әбу Һурәйра (р.а.) бір күні жолда
Әбу Ғассан деген кісіні кездестіреді. Әбу Ғассанның
артынан әкесі келе жатыр екен. Әбу Һурәйра
арқасынан келе жатқан адамның кім екенін сұрайды.
Әбу Ғассан әкесі екенін айтқанда, Әбу Һурәйра: «Сен
дұрыс істемедің, Пайғамбарымыздың сүннетіне сай
әрекет етпедің. Жолда жүрген кезіңде әкеңнің ал-
дында жүрме. Әкеңнің артында немесе оң жағында
81
«Анкәбут» сүресі, 8-аят.
82
әл-Бәйхаки. Шуабул-Иман. VI, 195-бет.