Previous Page  87 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 87 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

87

бізге ата-анамыздың алдында өзімізді қалай ұстау

керектігін көрсетеді

79

.

Ардақты Пайғамбарымыз: «Егер бір адам Аллаһ

тағалаға қарсы келуге шақырса, бұл мәселеде ол

адамға мойынсұнуға болмайды» – деген. Демек, ата-

анамыз бізді Аллаһқа қарсы келуге жол ашатын бір іске

шақырса, онда олардың бұл әмірінемойынсұнбауымыз

керек. Ал оның тысында кез-келген мәселеде ата-анаға

құрмет көрсетуге міндеттіміз.

Әбу Бәкір Сыддықтың қызы Әсманың (р.а.) басы-

нан өткен мына бір оқиға бұл мәселеде бізге керемет

үлгі боларлық. Әсманың анасының аты Қуиәйла еді.

Ол Аллаһқа сенбейтін мүшрік болатын. Бір күні ол

қызын көріп кетейін деген мақсатпен Мәдинаға келеді.

Шешесі келген кезде Әсма Пайғамбарымыздан:

Анаммен кездесейін бе?– деп сұрағанда Аллаһ

елшісі:

Әрине кездес әрі оған сыпайылық танытып, жақсы

қарым-қатынаста бол,– деген болатын.

Осы оқиғаға орай Аллаһтан:

«Аллаһ дін үшін

сендермен соғысып, ел-жұрттарыңнан қуғында-

мағандарға жақсылық жасап, әділдікпен қатынас

жасауларыңа тыйым салмайды. Расында Аллаһ

турашылдарды жақсы көреді»

80

деген аят келіп

түсті.

Аллаһ тағала:

«Біз адамдарға ата-анасына

жақсылық жасауды бұйырдық. Егер олар сенің

білмегеннәрселеріңдеМағанортаққосуғамәжбүрлесе,

оларға бағынба. Қайтып оралатын жерлерің – Менің

79

«Мәриям» сүресі, 41-48-аяттар.

80

«Мумтәхина» сүресі, 8-аят