90
Жұмақтың кілті жаныңда
дұрыс болыптұрса да басшыңа қарсыкелме.Өлетініңді
біліп тұрсаң да, қасыңдағы майдандастарың қашып
кетсе де, соғыстан қашпа. Қолыңда барыңды отбасың
үшін жұмса, оларды керек-жарақпен қамтамасыз ет.
Отбасы мүшелерін ұрып-соғып, дөрекілік танытпа.
Олар тек Аллаһ тағаладан қорықсын. Олардың бойы-
на осы сенімді сіңіріп, ар-ождандарын сақтай алатын-
дай етіп тәрбиеле»
84
.
Ата-анаға ізетті болу
Ата-ананың жүрегі әсіресе қартайған шағында
нәзік шыныдай, көңілшек бола бастайды. Сондықтан
олардың жан дүниесіне мән бере отырып, байқап
сөйлеп, көңілдеріне кірбің түсіретін әрекеттерден
аулақ болғанымыз жөн. Оларға үнемі сүйіспеншілік
пен мейірімділік танытып, жұмсақ мінез көрсетіп,
кішіпейіл болу керек.
Көзқарастарымыздың өзі көңілдеріне қаяу
түсірмеуі керек. Ғұламалар ата-анаға ала көзбен
қараудың өзін күнә деп санаған. Олардың жүзіне
мейірім мен сүйіспеншілікпен қарауға құлшылық са-
уабы жазылады. Исра сүресі 23 және 24-аяттарда:
«...
Оларғажекіме, оларға сыпайысөйле»
деп айтылғандай
оларға жекімей жылы сөйлеуге міндеттіміз.
Әун ибн АбдуллаҺты бір ретінде анасы шақырған
болатын. Ол анасына жауап берді. Бірақ байқаусызда
даусы көтіріңкі шығып кетеді. Осы әрекетіне іштей
қынжылып, қателігін жуып шаю үшін екі құлды азат
еткен екен.
Айша анамыз (р.а.) өмірінде ата-анасына ерек-
ше көңіл бөліп қараған екі кісіні танығанын айтады.
84
әл-Бухари. әл-Әдәбул-Муфрәд. I, 20-бет.