Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
95
осы амалды Аллаһтың ризашылығына бөлену үшін
жасағандығын айтып Жаратқанға дұға еткен кезде
үңгірдің аузының кішкене ашылғандығы айтылған
болатын. Яғни Аллаһ тағала оның осы амалына
ризашылығын білдірген-ді.
Тақуалығымен танымал Аллаһтың әулие
құлдарының бірі Бәйәзид әл-Бистамидың басынан
өткен мына бір оқиға да ғибрат аларлық: Суық қыс
күндерінің бірі болатын. Түннің бір уақытында ана-
сы баласынан су әкеліп беруін сұрайды. Бәйәзид
әл-Бистами орнынан атып тұрып, су құятын ыдыс-
ты қолына алады. Қараса ыдыста су қалмаған екен.
Сыртқа шығып ыдысқа су толтырып әкеледі. Суды
ұсынайын десе анасы қайта ұйықтап кетіпті. Оятуға
қимайды. Бәлкім оянып қалар деп басында ұзақ уақыт
күтіп тұрады. Бір кезде анасы көзін ашып: «су» дейді.
Түнгі ызғарлы суықтан ыдыстың сыртына мұз қатып,
Бәйәзид әл-Бистамидың қолы ыдысқа жабысып қалған
екен. Мұны көрген анасы «Балам, ыдысты неге жерге
қоймай қолыңда ұстап тұрсың?» деп аңтарыла сұраған
кезде баласы: «Анашым, оянған кезіңізде бірден суды
ұсына қояйын деп күтіп тұрған едім», – дейді. Сол
кезде анасы риза болып, көңілі босап: «Уа, Жаратқан
ием, мен ұлыма ризамын, Сен де риза бола гөр!» – деп
ыстық ықыласпен дұға еткен екен. Кім білсін, бәлкім
анасының осы дұғасы үшін Аллаһ тағала оған осын-
дай жоғары мәртебеге қол жеткізуді нәсіп еткен бо-
лар.
Қастарына кіру үшін рұқсат сұрау
Ата-ананың өздеріне тән жеке өмірлері бар.
Сондықтан олардың қасына рұқсатсыз баса көктеп кіру