Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
97
татып көрмеген. Жаратушыға бас иіп құлшылық
жасау мен ораза айында оразаның берекетін сезбе-
ген жандарға Аллаһ тағаланы танытып, иман нәрін
татқызу – баланың ең басты міндетерінің бірі болса
керек.
Иә, дәл осылай Ибраһим пайғамбар да пұтқа та-
бынатын әкесінің Аллаһқа иман келтіріп, шынайы
бақытқа қол жеткізуі үшін қолынан келгенін жасап
баққан-ды. Мәриям сүресінде осы ұлы пайғамбардың
ынтасы былай баяндалады:
«Кітапта Ибраһимді
де есіңе ал! Ол шындығында өзі де, сөзі де тура бір
пайғамбар еді. Бір күні ол әкесіне былай деді: «Әкешім!
Неліктен сараң, көр, саған ешқандай пайдасы жоқ
нәрсеге табынасың? Әкешім! Ақиқатында сен бұрын-
соңды естіп-білмеген бір ілім маған берілді. Олай бол-
са, менің айтқандарыма құлақ сал, сені тура жолға
бастайын. Әкешім! Шайтанға құлдық ете көрме.
Себебі шайтан өте мейірімді Аллаһқа қарсы келді.
Әкешім! Аллаһтың азабы басыңа келіп, шайтанға
жақтас болып кетесің бе деп қорқамын»
90
Атақты сахаба Әбу Һурайраның (р.а.) да анасының
мұсылман болу үшін жасағандары да ерекше үлгі
боларлық. Ол анасының қалай мұсылман болғанын
былайша жеткізеді:
«Меніңанампұтқатабынатынмүшірікеді.Меноны
Аллаһ тағалаға иман етуге үгіттейтінмін. Бір күні осы
өтінішімді қайталағанымда ол Пағамбарымыз жайлы
құлаққа жағымсыз сөздер айтты. Бұған шыдай алмай,
екі көзім жасқа толып, булығып Пайғамбарымыздың
қасына бардым да: «Уа, Аллаһтың елшісі! Үнемі анам-
90
«Мәриям» сүресі, 41-45-аяттар.