Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
103
Әбу Қахил риуят еткен бір хадисте Пайғамбары-
мыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Ата-анасының тірі кезінде
немесе қайтыс болғаннан кейін жақсылық жасағанға,
Аллаһ қиямет күнінде ризашылық танытатынына
уәде етеді. Халық сонда «Әй, Аллаһтың елшісі! Ата-
анамыз қайтыс болған соң оларға қандай жақсылық
жасай аламыз?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз
оларға: «Ата-аналарыңа дұға бағыштау, Аллаһ
тағаладан күнәсының кешірілуін сұрау және
басқалардың ата-анасын балағаттамау арқылы.
Себебі басқаның ата-анасын балағаттасаңдар, олар
да сендердің ата-аналарыңды балағаттайды»
100
, –
де-
ген екен.
Ал, Абдуллаһ Ибн Аббас болса, Пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қайтыс болған ата-анасына
балаларының жақсылығы туралы бір риуаятында:
«Қабірде жатқан мәйіттің жағдайы теңізге ба-
тып бара жатып, жанталасып көмекке біреулерді
шақырған адамның жағдайына ұқсайды. Мәйіт
қабірінде анасынан, әкесінен, бауырларынан немесе
достарынан өзі үшін дұға жасап, кешірім тілегенін
қалайды. Осы аталған адамдар мәйіт үшін дұға
жасап, сол дұғаның сауабы өліге жеткенде, мәйіт
дүниенің бәрі өзіне сыйға тартылғандай қуанады.
Аллаһ тағала қабірде жатқан мәйіттерге жер
бетінде өмір сүріп жатқан адамдардың олар үшін
жасаған дұғаларын таудай етіп жеткізеді. Жер
бетіндегі адамдардың көрде жатқан мәйіттерге
100
әт-Таберани. әл-Мужәмул-Кәбир. XVIII, 362-бет; әл-Мунзири.
әт-Тәрғиб уәт-Тәрхиб. IV, 132-бет.