106
Жұмақтың кілті жаныңда
құлшылықтарды өкіл ретінде атқара алады. Дінімізде
әсіресе материалдық шығыны бар қажылық және
зекет секілді құлшылықтарда өкілдік мүмкіншілігі
беріледі. Алайда қайткенде де парыздарды адамның
өз жеке басының орындағаны абзал.
Бір күні Жуһәйнә тайпасынан бір әйел келіп
Пайғамбарымыздан
(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)
: «Анамқажылық
жасауға ниеттеніп еді, бірақ қажылығын өтей алма-
стан қайтыс болып кетті. Оның орнына қажылығын
өтесем бола ма? – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Иә,
өтесең болады», – деп жауап қатты. Сосын әлгі әйелге
қарап: «Егер анаңның мойнында бір қарызы болса, оны
өтер ме едің?», – деп сұрады. Әйел: «Әрине, өтеймін»
– деп жауап берді. Сонда пайғамбарымыз: «Олай бол-
са Аллаһ тағаланың ақысы саналатын қажылықты
да өте. Өйткені ақысын өтеу жағынан бірінші кезек-
те Аллаһ тағала тұрады. Алдымен Аллаһ тағаланың
ақысын өтеңдер», – деп түсіндірді
104
.
Абдуллаһ ибн Аббас бұл жайында бір оқиғаны
былай баяндайды: «Фадл ибн Аббас (р.а.) Аллаһ
елшісінің атына міңгесіп келе жатқан-ды. Хасамә
тайпасындағы бір әйел Пайғамбарымыздың алдынан
шығып: «Ей, Аллаһтың елшісі, Аллаһ тағала әмір ет-
кен қажылық құлшылығы әкеме парыз болды. Бірақ
оның атқа мінер қауқары жоқ. Мен оның орнына өкіл
ретінде қажылық жасасам бола ма?» – деп сұрайды.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Иә», – деп жауап
қатты. Бұл оқиға Уәда қажылығында болды»
105
.
104
Бухари. Сайд. 22; Әйман. 30; Итисам. 12; Муслим. Сиям. 154-
156.
105
Бухари. Хажж. 1; Сайд. 24; Муслим. Хажж. 407.