Previous Page  107 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

107

Бұл жерде сұрақ қойған әйелдің әкесінің көзі тірі

болса да, қажылық жасауға шамасы келмейтіндіктен

Пайғамбарымыз оған өкілдік жасауға рұқсат берген.

Демек тек қана қайтыс болғанда емес, көзі тірісінде

қажылық жасауғашамалары келмейтін болса, олардың

орнына қажылық жасауға болады.

Осыған ұқсас тағы бір оқиғада бір әйел

Пайғамбарымыздан былай деп сұрайды: «Ей,

Аллаһтың елшісі! Мен анама бір күң тарту еткен едім.

Қазір анам қайтыс болды». Пайғамбарымыз: «Садақа

ретінде берген нәрсеңнің сауабын міндетті түрде

аласың. Мирас жолымен әлгі күң қайтадан сенікі

болады», – деді. Әлгі әйел: «Ей, Аллаһтың расулы,

анамның бір айлық қарыз оразасы бар еді, оның орны-

на тұтсам бола ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз:

«Анаңның орнына тұт», – деп жауап берді. Әйел

қайтадан: «Анам ешқашан қажылық жасамады. Оның

орнына қажылық жасасам бола ма?» – деп сұрады.

Пайғамбарымыз: «Иә, оның орнына қажылық жаса»,

– деп жауап қатты

106

.

Осыған байланысты Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

бір хадисінде: «Кім ата-анасының орны-

на қажылық жасап немесе олардың қарызын төлесе,

қиямет күні салиқалы (әбрар) құлдармен бірге

тірілтіледі», – деген

107

.

106

Муслим. Сиям. 157; Әбу Дәуд. Зекет. 24; Уәсая. 12.

107

әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Әусат. VIII, 11-бет; әд-Дарақутни. әс-

Сунән. II, 260-бет.