108
Жұмақтың кілті жаныңда
Туысқандардан қол үзбей, ата-ананың
достарымен сыйластықты арттыру
Діни әдебиеттерде туысқандармен араласып,
олардан қол үзбеуді «силатур-рахм» дейді. Бұл –
Аллаһ тағаланың ерекше мән берген мәселелерінің
бірі. Себебі хадистерде: «Туысқандарға ат ізін салмай
кеткен адамға Аллаһ тағаланың рақымы түспейді»
108
,
– делінген.
Ата-анамыз қайтыс болғаннан кейін де әкеміздің
бауырларымен, олардың бала-шағаларымен, нағашы
жұртымызбен араласып тұру әрі мұсылмандық бо-
рышымыз, әрі ата-анамызды сыйлағандығымыздың
белгісі. Осы борышқа адалдықпен қараған адамға
Аллаһ тағала сыйын асырып береді.
СахабаӘбуҺурәйрәПайғамбарымыздың осыжай-
ында былай дегенін баяндайды:
«Аллаһ тағала барлық
нәрсені жаратқан кезде силатур-рахм (туысқандық
қатынас) орнынан түрегеліп: «Сенің алдыңдағы осы
тұрысым – силатур-рахмды үзген адамнан қашып,
Саған сыйынғандығым», деді. Аллаһ тағала: «Жа-
райды, саған мән берген адамды қолдасам, саған мән
бермей кеткен адамға рақымымды түсірмей қойсам
ырзасың ба?» – деп сұрады. Силатур-рахм: «Иә, ыр-
замын», – деп жауап берді. Сонда Аллаһ тағала:
«Онда саған осы құқық беріледі», – деді. Осыларды
баяндағаннан кейін Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Қаласаңдар осыған дәлел болатын мына аятты
оқыңдар: «Ей, мұнафықтар, егер сендердің қолдарыңа
билік тисе, елде қырғын шығарып, тәртіпті бұзып,
108
әл-Бухари. әл-Әдәбул-Муфрәд. I, 36-бет; әл-Мунауи. Фәйзул-
Қадир. III, 23-бет.