Previous Page  109 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

109

туысқандармен қарым-қатынасты парша-парша

етесіңдер. Міне бұлар Аллаһ тағаланың лағнетіне

ұшырап құлақтары саңырау, көздері соқыр болған

адамдар»

109

, – дейді»

110

.

Туысқандардан қол үзбей, туысқандық қарым-

қатынасқа терең мән беріп қарайтын адамға Аллаһ

тағала разы болады. Ал туысқандарына ат ізін сал-

май кеткен адамдар Аллаһ тағаланың рақымы мен

мейірімінен мақұрым қалады. Сонымен қатар хадистің

соңында Пайғамбарымыздың мұнафықтарға қатысты

айтылған аятты оқуы – туысқандарынан қол үзген

адамдардың бойында бір мұнафықтық (екіжүзділік)

қасиет барын байқатады.

Бір күні сахаба Абдуллаһ ибн Омар шалғай жатқан

ауылда өмір сүретін бір бәдәуи кісімен кездесіп

қалады. Абдуллаһ ибн Омар онымен амандасып, аты-

на мінгізіп, басындағы сәлдесін әлгі кісіге кигізеді.

Қасында тұрған Абдуллаһ ибн Динар: «Аллаһтың

нұры жауғыр, әлгі адам шөлде өмір сүретін бәдәуи

емес пе? Олар азға да қанағат етеді ғой», – дегенде,

Абдуллаһ ибн Омар: «Бұл кісінің әкесі әкемнің (Омар

ибн Хаттаб) досы еді. Мен Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

:

«Ең құптарлық жақсылық – баланың

әкесінің достарымен қарым-қатынасын үзбеуі»,

дегенін естіген едім

111

.

Абдуллаһ ибн Омар Пайғамбарымыздың осыған

ұқсас тағы бір хадисін риуаят етеді:

«Әкеңнің

достықтарын жалғастыр. Олармен байланысыңды

үзбе. Әйтпесе Аллаһ тағала сенің нұрыңды

109

«Мухаммед» сүресі, 22-аят.

110

Бухари. Тәфсиру Сурә. 1; Әдеп. 13; Муслим. Бирр. 16.

111

Муслим. Бирр. 11-13; Тирмизи. Бирр. 5.