102
Жұмақтың кілті жаныңда
Хазірет Әбу Һурәйрә (р.а.) Пайғамбарымыздың
мына хадисін баяндайды:
«Адам қайтыс болғанда
үш арна тысында басқа жақсылық амалдарының
бәрі тоқтап қалады. Жалғасатын үш амал: садақа-
жария (Сауабы тоқтамай жалғаса беретін садақа),
адамдарға пайдалы ілім, ата-анасы үшін дұға жасай-
тын салиқалы перзент»
97
.
Пайғамбарымыз келесі хадисінде:
«Аллаһ
тағала салиқалы құлының жаннаттағы мақамын
жоғарылатады. Салиқалы құл мұны көргенде
таң қалып: «Ей, Мейірімді Раббым! Дәрежем неге
жоғарылап жатыр», – деп сұрайды. Сонда Аллаһ
тағала: «Ұлыңның сен үшін жасаған дұғаларының
есебінен дәрежең көтеріліп жатыр», – деп жауап
береді»
98
.
Муаз Ибн Жәбәл риуаят еткен бір хадисте де
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әсіресе балала-
рына Құран үйретіп, Құран тәрбиесімен өсірген ата-
аналарға: «Қиямет күні Құранды оқып және ондағы
әмірлерге бағынып, тыйымдардан бойын аулақ са-
лып, күнделікті өмірінде, тәжірибе жүзінде іске
асырғандардың ата-анасына ақыретте тәж кигізіледі.
Бұл тәждің айналаға шағылыса түскен сәулесі күннің
сәулесінен де жарық. Әке-шешесінің осы тәжді киюіне
себеп болған бала, Құранда айтылғандарды орында-
са, қиямет күні өздерін не күтіп тұрғанын, олар үшін
не дайындалғанын білсе ғой»
99
деп мәңгілік сүйінші
хабарын айтқан.
97
Муслим. Уасиәт. 14; Тирмизи. Ахкам. 36.
98
Ибн Мажә. Әдеп. 1; Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. II, 509-бет.
99
Әбу Дәуд. Утр. 14; Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. III, 440-бет.