Previous Page  99 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

99

атымды естіген мұсылмандардың бәрінің мені жақсы

көргендігіне куә болдым»

91

.

Иә, Пайғамбарымыздың дұғасының қасиеттілігін

қараңыз! Сол кезде Әбу Һурайраны мұсылмандар

қалайша жақсы көрген болса, қазіргі таңда да

мұсылмандар Адамзаттың мақтан тұтар тұлғасы,

ғаламның рақым нұры ардақты Пайғамбарымыздан

ең көп хадис жеткізген осы қастерлі тұлғаны жақсы

көріп құрмет тұтуда және қиямет қайымға дейін де

осылай болмақ. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадисінде: «Менің сахабаларым көктегі жұлдыздар

іспетті. Қайсысының соңынан ілессеңдер де тура

жолды табасыңдар», – деп мадақтайды. Хазірет Әбу

Һурәйраның анасы үшін шыр-пыр болып, жатса-

тұрса оның мұсылмандықты қабылдауын тілеуі бізге

де бойымызға серпін беріп, осы жолда қажырлы еңбек

етуге жетелейді. Ата-анамызға жасаған дұғамызда

табандылық көрсетуді үйретеді.

2. Ата-ана дүниеден өткеннен кейінгі артында

қалған балаларының міндеттері

Ата-ананың алдындағы міндеттеріміз осы

өмірмен ғана шектелмейді. Олар қайтыс болғаннан

кейін де кейбір міндеттер жалғаса бермек. Төменгі

тараушалар осы тақырыпқа байланысты мағлұматтар

бермек.

91

Муслим. Фәдаилус-сахаба. 158; Ахмад ибн Ханбәл. Мүснәд. II,

319-бет.