96
Жұмақтың кілті жаныңда
әрі тәрбиелік тұрғыдан, әрі діни тұрғыдан әдепсіздік
болып саналады.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сүннеті
бойынша бір жерге кіру үшін есікті үш рет қағу, егер
ешқандай жауап келмесе кірмеу керектігі айтылған.
Сол сияқты әке-шешеміздің бөлмесіне кірер кезде де
осы қағиданы сақтау керек. Өйткені рұқсатыз олардың
қасына кіру жайсыздыққа жол ашып, олардың ренішін
тудыруы мүмкін.
Абдуллаһ ибн Мәсғұдтан (р.а.) бір кісі келіп
анасының қасына кіру үшін рұқсат алу керек пе, жоқ
па деп сұрайды. Сонда ол: «Кез келген сәтте анаңды
көру үшін оның қасына рұқсат алмастан кіруге
болмайды»
88
, – деп жауап берген.
Сахаба Хұзәйфадан (р.а.) бір кісі анасының қасына
рұқсатсыз кіруге болып-болмайтынын сұраған кезде
ол да осы мәндес жауап берген болатын
89
.
Ата-ана үшін дұға жасау
Ата-ананыңкөзітірісіндебаласыныңміндеттерінің
бірі – олардың бұл дүниеде жақсы өмір сүруі үшін
қолынан келгенін жасауымен қатар ақыретте де
бақытты болуы үшін тырысып бағу. Өйткені адам ба-
ласы үшін тура жолды табудан асқан ұлық сый жоқ.
Ал бұл сыйға қол жеткізуге кейде жақсы кісілер, ру-
хани ұстаздар себеп болғаны сияқты өзінің баласы да
себепкер болуы мүмкін.
Қазіргі таңда өздері иманның шырын дәмін
татқанымен, әке-шешесі руханияттан мүлдем бейха-
бар қаншама жандар бар. Ата-анасы иманның ләззәтін
88
Бухари. Әдәбул-муфрад. I, 364-бет.
89
Бухари. Әдәбул-муфрад. I, 364-бет.