92
Жұмақтың кілті жаныңда
ген құрметтің шекарасын Құран ата-анаға «үһ» деп те
айтпаңдар» деу арқылы сызған болатын.
Ата-анамыздың
қасында
аяқтарымызды
айқастырып қойып отыру, шалқамыздан түсіп жату,
дауыс көтере сөйлеу, құрдастарымыз секілді аттарын
атау көргенсіздік және тәрбиесіздік болып табылады.
Сондықтан олардың қасында әрекеттерімізге қатты
мұқият болуымыз керек. Осыған орай Айша анамыз
мына бір оқиғаны жеткізеді:
«Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
түр-әлпеті
әрі мінез-құлқы жағынан қызы Фатимадан артық
ұқсайтын адамды көрген емеспін. Фатима келген кез-
де Пайғамбарымыз орнынан тұрып, қызының бетінен
сүйіп, орын беретін. Дәл сол секілді Аллаһ елшісі
Фәтиманың жанына бара қалғанда ол да орнынан
тұрып, әкесінің бетінен сүйіп, орын беретін»
85
.
Амр ибн Зүбәйр ата-анасына көзін аларта қарап
көңіліне кірбің түсірген адамдардың бұл ісінің
тәрбиесіздік және күнә екенін айтатын.
Мұхаммед ибн Сирин болса жүріп келе жатқан
кезде ата-анасының алдына шығып алғандардың ата-
анасына қарсы келген болып саналатындықтарын
айтқан. Ол көшеде келе жатқан кезде баласы әке-
шешесінің алдына олардың алдынан зиянды нәрсе
немесе кедергіні алып тастау үшін ғана шыға алады
және әке-шешесіне аттарын атап сөйлеу көргенсіздік
болып табылады дейді ғұлама.
Хафса атты бір әйел мен баласы Хұзәйлдің қарым-
қатынасы да осы тақырыпқа қатысты бізге өте жақсы
үлгі. Хұзәйл жаз айларында қамыс жинап, олардың
85
Әбу Дәуд. Әдәб. 144; Тирмизи. Манақыб. 60