Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
89
жүр. Жүрген кезде әкең екеуіңнің орталарыңда басқа
адамның жүруіне жол берме. Тамақ жеп отырғанда
әкең жеп қалар деген ниетпен өзіңе ұнап отырған етке
қол созба. Алдымен әкеңнің тамақ жеуін күт. Әкеңе
ала көзіңмен қарап, көңіліне кірбің түсірме. Әкең от-
ырмайынша сен де отырма. Әкең ұйықтамайынша сен
де ұйықтама», – деген өсиетін айтады.
Мухаммед ибн Сирин сахабалардың басынан
өткен бір оқиғаны былай деп баяндайды: «Осман ибн
Аффан (р.а.) халифа болған кезінде құрма ағашының
құны мың дирхамға дейін көтерілді. Құрма ағашының
құны осылай шарықтап тұрған кезде сахаба Усамә
(р.а.) бір құрма ағашын жарып, ортасынан өзегін
шығарып анасына жегізді. Айналасындағылар: «Неге
бұлай еттің. Бір құрма ағашының құны мың дирхам
ғой», – деп сұрағанда, Усамә: «Анам құрма ағашының
өзегін жегісі келді. Егер ол менің қолымнан келетін
бір нәрсені қаласа, тілегін бұлжытпай орындаймын»,
– деп жауап берді»
83
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сайыпқыран
сахабасы Әбуд-Дәрдаға мына өсиеттерді айтқан бола-
тын:
«Ұсақталып, туралып, отқа жағылсаң да Аллаһ
тағалаға еш нәрсені серік етіп қоспа. Біле тұра па-
рыз намаздарды тәрк етпе. Ешқашан мас қылатын
ішімдік ішпе. Себебі ол жамандықтың қайнар көзі.
Ата-анаңның тілін ал. Оларды сыйла. Олар саған бұл
өмірге қатысты бір нәрсені бұйырса, дереу орында.
Қоғамдағы бірлікті, тыныштықты бұзбау үшін сенікі
83
әл-Хаким. әл-Мустәдрәк. III, 689-бет; әт-Табәрани. әл-Мужәмул-
Кәбир. I, 158-бет.