Previous Page  84 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 84 / 144 Next Page
Page Background

84

Жұмақтың кілті жаныңда

Ата-анамыз орта жастан асқаннан-ақ ауру-

сырқауларының артуы өмір шындығы. Сондықтан

олар ауырып қалып жатса, қарауға қиынсынбай,

емдетіп, дәрі-дәрмегін беріп, жағдайларын жасауы-

мыз – мұсылмандық әрі перзенттік борышымыз.

Осы жайында дін ғұламаларының бірі былай дейді:

«Сырқат адамды күтіп-баптаған кісіге үлкен сауаптар

жазылады. Ауру адамның хал-жағдайын сұрау, жаны-

на барып тұру – сүннет

75

әрі күнәлардың өтемі бола-

ды. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір хадисінде:

«Ауру адамдардың дұғасын алыңыз, олардың дұғасы

қабыл болады»

76

, – деген. Әсіресе туған-туысың,

ата-анаң ауырып қалған болса, оларға қарау ғибадат

болып есептеледі. Сауабы да мол. Ауру адамдарды

қуантып, көңілін аулау – өте маңызды садақа. Ата-

анасы ауырғанда жараланған жүрегіне жамау бо-

лып, қайыр дұғасын алған перзент қандай бақытты!..

Ата-анасының өзіне жасаған ұшан-теңіз бейнетінің

есесіне олар ауырып, төсек тартып жатып қалғанда

қас-қабағына қарап, жағдайын жасаған парасатты пер-

зентке періштелердің өзі «Мәшәаллаһ, Бәрәкаллаһ», –

деп қол соғады».

Қартайғанда және ауырып қалған кездерінде ата-

анаға міндетті түрде қарауымыз керек. Егер өзіміз

қарай алмайтын болсақ, ақылы түрде қарайтын адам

тапқанымыз абзал. Олардың дәрі-дәрмегін уақытымен

жеткізіп, қал-ахуалдарын, нендей талап-тілектері ба-

рын жиі сұрап-біліп отыру керек.

Қырға шықса белім деп,

75

Бухари. Илим. 39; Муслим. Сәлам. 47.

76

Ибн Мәжа. Жәнаиз. 1; әл-Бәйхаки. Шуабул-Иман. VI, 541-бет.