Previous Page  80 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 144 Next Page
Page Background

80

БАЛАНЫҢ АТА-АНАНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ

МІНДЕТТЕРІ

Адам баласын басқа тіршілік иелерінен

ерекшелейтін негізгі қасиеттердің бірі – ата-анасымен

арадағы қатынасының мәңгілік жалғасуында.

Басқа жан-жануарлар белгілі бір уақытқа дейін ата-

анасының қасында болып, сосын олардан мүлдем

бөлініп кетеді. Ал адам баласының ата-анасымен

байланысы құрсақтағы кезеңнен басталып ақыретте

де жалғасады. Баласының жасаған әрбір жақсылығы

ата-анасы үшін де сауап болып жазылады. Құранды

оқып-үйренген, оны жаттаған, әмірлеріне бойсұнып,

өмірінің негізгі ұстанымдарына айналдырған

жандардың ата-аналарына ақыретте тәж кигізілетіні

хадистерден мәлім. Осылайша ақыретте де арадағы

байланыс жалғаса бермек.

Адам өмірі екі бөлімнен тұрады: бұл дүние және

ақырет. Олай болса ата-анамыз бұл дүниеде өмір

сүріп жатқан кезінде және ақыретке аттанып кеткен-

нен кейін де олардың алдында өтейтін борыштары-

мыз бар.

1. Ата-ананың көзі тірісіндегі борышымыз

Ата-ана алдындағы борыштарымыздың бір бөлімі

олар өмір сүріп жатқан кезеңге қатысты. Сөзіміз,

іс-әрекетіміз және көзқарасымызбен біз олардың

өмірін жұмаққа айналдырсақ – перзенттік борышы-