Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
75
аталмыш тақырыптың түйіні ретінде шағын әңгімені
беруді жөн көріп отырмыз:
Бір жас жігіт үйленгелі бері үйінде бірге тұрып
келе жатқан әкесі үшін әйелімен ылғи да қырықпышақ
болып сөзге келіп қалатын. Арадағы ұрыс-керіске
әйелінің қайын атасына тыжырына қарап, үйге артық
адам керек емес деп жақтырмай қарайтын шайпау
мінезі себеп болатын. Кейде сондай бір ұрыстардың
адам айтса нанғысыз бас бермей кететін кездері де
жиі орын алатын. Ондайда жанжалды ушықтырып,
жан алқымнан алатын әйелі үйді басына көтере: «Не
бұл үйден мен кетем, не әкең кетсін!» деп долылыққа
басатын.
Әйелімен ажырасуға дәті барар емес. Үйде бірге
тұрып жатқан әкесі үшін лап ете қап, өршіп ала
жөнелетін ұрыс-керістер болмаса, былайғы өмірі тып-
тыныш-тұғын. Осы әйелге кезінде қолы әрең жеткен
еді, үйдегілерді қалай әрең көндіріп еді десейші?!
Әйеліне өлердей ғашық болғаны соншалық, әлі де
қатты жақсы көретін. Енді міне, шақшадай басы шара-
дай болып, не істерін білмей дал болып отырған оның
есіне бұл тығырықтан алып шығар бір ғана жол түсті.
Ол – кезінде аң аулауға керек болар деп тұрғызған
таудағы күркесымақ ағаш үйге әкесін апарып орнала-
стырсам деген ой еді. Аптасына бір рет соғып, тамағын
апарып беріп, керектісін жеткізіп тұрса, күнде құлақ
етін жемей үйде әйелі де тыныш табар деген үміт еді.
Әкесіне керекті бар заттарды дайындағаннан
кейін төсекке таңылған әкесін көтеріп әкеп жеңіл
көлікке отырғызды. Баласы да барам деп етегіне жар-
маса кеткендіктен оны да машинаға отырғызып, жолға
бірге ала шықты.