74
Жұмақтың кілті жаныңда
са да, жаңғырық боп өзімізге қайта естіледі», – деп,
адамның жасаған іс-әрекеттерінің бір күні міндетті
түрде алдынан шығатынын айтады.
«Ей, адам! Ақыл-есіңді жина! Егер саған ажал
келіп, өлмесең, онда бір күні қартаясың. «әл-жәзау
мин жинсил-амал» (жаза – істеген амалыңа сай
қайтарылады) қағидасы бойынша, сен ата-анаңа
құрмет көрсетпесең, сенің балаң да саған қамқорлық
жасамайды. Егер ақыретің жемісті болсын десең,
міне саған маңызды қазына: Ата-анаңа қызмет ет,
ризашылығын ал. Егер осы дүнием жемісті болсын
десең, онда тағы да айтарым: ата-анаңды қуанышқа
кенелт, солардың арқасында өмірің тыныш, рызығың
берекетті болсын. Әйтпесе, оларды қор көрсең, ажа-
лын тілесең, олардың кірбің көңіліне қаяу түсірсең,
Құранда айтылғандай
«Осы дүниеде де, ақыретте де
құр қол қалғандардың»
69
кейпін киесің. Егер Аллаһ
тағаланың рақымын қаласаң, Рақымды Аллаһтың
шаңырағыңдағы
аманаттарына
рақымдылық
таныт»
70
.
«Ата-ана – адам баласының ең әуелі құрмет
көрсетуі тиіс қастерлі жандар. Олардың алдында
ізеттілік танытпаған, құрметтемеген адам Аллаһ
тағалаға қарсы шыққан болып саналады. Оларға
жәбір-жапа көрсетіп, әбіржіткендер ерте ме, кеш пе,
өздері де солардың кебін киеді»
71
. Халқымыз бұл
мәселенің бүкіл мәнін «Атаңа не келтірсең, алдыңа
сол келер» деп бір ауыз сөзге сыйдырған. Осы жерде
69
«Хажж» сүресі, 11-аят.
70
Мектубат. 272-бет.
71
Ф. Гүлен. Ғұмырлық өлшемдер. 160-бет, А., 2007.