Previous Page  72 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 144 Next Page
Page Background

72

Жұмақтың кілті жаныңда

жақсылықты түсінбей, жақсылыққа жамандық

жасаған адам»

, – деп жауап қайтарыпты

65

.

Хазірет Әлиден (р.а.) айналасындағылар: «Пай-

ғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

басқа ешкімге

айтпай, тек саған ғана айтқан хадисі бар ма?» – деп

сұрағанда, «Иә, бар», – деп, қылышын қынынан

шығарып, оның жүзіне өрнектеліп жазылған:

«Аллаһ

тағаланың есімін айтпай мал бауыздаған адамға

Аллаһ лағынет етсін...Ата-анасына қарсы келіп,

лағынет айтқан адамға Аллаһ лағынет етсін...»

66

, –

деген сөздерді оқыпты.

Дана адамдар осы тұрғыда: «Байқа, ата-анасын

сыйламаған адамдармен дос болма. Өзі үшін бар

өмірін сарп еткен ата-анасына жақсылық жасамаған

адамның саған жақсылық жасауы мүмкін емес», – де-

ген екен.

Атаңа не көрсетсең, алдыңа сол келер

Баланың өсу барысында ата-ананың іс-әрекеті үлгі

болмақ. Ата-анасының сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысы

бәрі де баланың мінез-құлқының қалыптасуына

айрықша әсер етпек. Сондықтан ата-ана баласының

жанында аса сақ, жаман әдеттерден аулақ болғаны

жөн.

Адам өзінің әке-шешесіне қандай қарым-қатынас

жасаса, алдағы уақытта оның балалары да өзіне солай

қарауы заңды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

демей ме халқымыз. Аллаһ ешқашан құлдарына

жамандық тілемейді. Жамандықты тілеп алатын

65

Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. III, 440-бет.

66

Муслим. Әдаһи. 43; Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. I, 118, 152-

беттер.