68
Жұмақтың кілті жаныңда
ХадистенбайқағанымыздайЖурәйжтіңанасының
оған жасаған дұғасы қабыл болған. Бірақ Журәйж
Аллаһтың сүйікті құлы болғандықтан, Жаратқанның
оған сыйға тартқан кереметінің арқасында жабылған
жаладан құтылып, өзін ақтап алады.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
келесі
хадисінде дұғасы қабыл болатын кісілер жайлы айта-
ды: «Үш кісінің дұғасы міндетті түрде қабыл болады:
жәбірленушінің, жолаушының және ата-ананың бала-
сы үшін жасаған дұғасы».
64
Хазірет Әнәс риуаят еткен хадисте дұғасы қабыл
болатын кісілер деп келесі адамдар аталады: «Әкенің
баласы үшін жасаған дұғасы, ауыз бекітіп, ораза
ұстаған адамның дұғасы және жолаушының дұғасы».
Ханбәли мәзхабының имамы Ахмад ибн
Ханбәлдің ұлы Абдуррахман әкесінен естіген бір
оқиғаны баян етеді: «Ертеде бір әйел Махләд ибн
Хусәйн деген имамға келіп, ұлының Римдіктердің
қолына түсіп қалғанын айтады. Ұлын тұтқындықтан
құтқару үшін құн төлеуі керек, бірақ байғұс анада он-
дай ақша болмайды. Сол үшін имамға келіп, өзіне ақша
жағынан көмектесе алатын адам тауып беруін өтініп,
жәрдем сұрайды. Қайғыдан қан жұтқан қасіретті
ананың күндіз-түні ойлағаны – ұлы. Күндіз күлкіден,
түнде ұйқыдан айрылған әйелдің ішкі жан күйзелісін
көрген Махләд ибн Хусәйн біразға дейін үнсіз отырып
қалады. Бар ынта-жігерімен Аллаһқа қол жайып, шы-
найы ықыласпен дұға жасайды. Ал әйел болса, үздіксіз
баласының тілеуін тілеумен болады. Бірнеше күннен
кейін әлгі әйел жанына баласын ертіп имамның
қасына келеді. Қуаныштан имамға алғысын жауды-
64
Тирмизи. Бирр. 7; Дәауат. 47; Ибн Мажә. Дұға. 11.