66
Жұмақтың кілті жаныңда
Бірақ денелері сыярлықтай емес еді..»
62
.
Бұл хадистің
ары қарай жалғасы бар. Бірақ біз тақырыбымызға
қатысты бөлігін ғана алып отырмыз. Бұл жерден
біздің ұғарымыз – ата-анаға жасаған жақсылығымыз
үшін Аллаһтың да бізге жақсылық жіберетіні және
ата-анасының ақ батасын алған адамдардың жасаған
дұғасының қабыл болатындығы.
Шүбәсіз қабыл болар дұға
Аллаһ тағала шарттары мен әдебіне сай жасаған
дұғаға міндетті түрде жауап береді. Алайда жауап бе-
рер кезде біздіңқалауымызға қарай емес, Өзініңқалауы
мен хикметіне орайшешім қабылдайды. Өйткені пенде
өзі үшін түбінде ненің қайырлы екенін біле бермейді.
Жақсылық дегені жамандық, ал жамандық секілді
көрінген жағдайлардың ол үшін жақсылық болуы бек
мүмкін. Аллаһ тағала кейбір дұғаларға сол сәт жауап
берсе, кейбір дұғаларды кейінге қалдырады.
Жаратқан Иеміз міндетті түрде жауап беретін
дұғалардың бірі – ата-ананың баласы үшін жасаған
дұғасы. Осыған қатысты бір оқиғаны Пайғамбарымыз
хадисінде былай деп баяндайды:
«Үш кісінің ты-
сында ешкім бесікте болған кезінде сөйлеген емес.
Олардың әуелгісі хазрет Иса (алейһис-сәләм), екіншісі
Исраилұлдары дәуірінде өмір сүрген Жүрәйж деген
діндар адам жайында куәлік еткен сәби. Жүрәйж
ғибадат жасауға берілген тақуа бір құл еді. Бір
шіркеуге бекініп алып намаз оқумен болды. Бір кез-
де анасы қасына келіп: «Әй, Жүрәйж! Бері кел, саған
айтарым бар»,– деп баласын шақырды. Жүрәйж «Уа,
Аллаһ тағалам! Намазды таңдайын ба, әлде анамды
62
Бухари.
Әнбиә. 53, Харс. 13, Әдәб. 5
; Муслим.
Зикр. 100