62
Жұмақтың кілті жаныңда
жеткізуімізді талап етеді. Бұл міндетті діни әдебиетте
«‘Ила’у кәлиматуллаһ» дейді. Аллаһ тағала бұл ең
ұлық міндетті адамзат атаулының ішіндегі таңдаулы
құлдары – пайғамбарларға жүктеген.
‘Ила’у кәлиматуллаһ осыншалық маңызды
болғанына қарамастан Пайғамбарымыз кей кездері
ата-анаға қарауды осы міндеттен де жоғары қойған.
Бір күні йемендік бір кісі Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
жиһадқа шақыруын естіп, жолдың
ұзақтығына қарамастан әскер сабына қосылу үшін
Пайғамбарымызға келеді. Сонда Пайғамбарымыз одан
артында қалған туған-туыстарының жайын сұрайды.
Әлгі кісі үйінде ата-анасының бар екенін айтады.
Аллаһ Елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Маған келер кезде
олардан рұқсат сұрадың ба?» – дейді. «Жоқ», – деп жа-
уап қатады жолаушы. Пайғамбарымыз: «Олай болса
дереу қайта орал да, рұқсат сұра. Егер саған рұқсат бер-
се ‘ила’у кәлиматуллаһ қызметі үшін осында келуіңе
болады. Егер рұқсат бермесе, олардың қасында қалып,
көңілдерін табуға тырыс, оларға қызмет ет», – дейді.
Осы мәселеге қатысты сахаба Муауия ибнЖахимә
(р.а.) басынан өткен бір оқиғаны былай баяндайды:
«Аллаһ Елшісінің қасына келіп: «Уа, Аллаһтың расу-
лы! Аллаһ тағаланың разылығы үшін және ақыретте
жүзім жарқын болсын деген ниетпен өзіңізбен бірге
жиһадқа қатысқым келеді», – деген тілегімді айттым.
Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Анаң тірі
ме?» – деп сұрады. «Иә», – деген жауабымды ести
сала: «Анаңның қасына бар да, оған жәрдемдес!», –
деді. Бірнеше күннен кейін Аллаһ елшісінің жаны-
на барып, әлгі тілегімді қайталадым. Бұл жолы да:
«Анаңның қасына бар да, оған жәрдемдес», – деп