Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
63
қайтарып жіберді. Сәтін тауып үшінші рет алды-
на бардым. «Уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһ разылығы
үшін және ақыреттегі жағдайымды ойлап, өзіңізбен
бірге жиһадқа қатысқым келеді», – дедім. Үшіншісінде
де: «Анаң тірі ме?» – деп сұрады. «Иә», – дегенімде:
«Анаңа бар, оған қызмет ет. Сен басыңа қонып тұрған
бақты теуіп тұрсың. Оның аяғының астына төсеніші
бол. Себебі жаннат – аналардың табанының астында»,
– деп мені кері қайтарды»
59
.
Сахаба Әбу Усамә (р.а.) Пайғамбарымыздың бір
хадисін былай баяндайды: «Аллаһ Расулы
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
Хайбәр қамалын меңзеп: «Залым халық тұратын
мына қамалды алуға дайындалыңдар. Құдай қаласа,
жеңіске жетуді сендерге нәсіп етеді. Кімнің аты асау
немесе арық болса бізге қосылмай-ақ қойсын», – деді.
Аллаһ Елшісінің әмірін естіген Әбу Һурәйрә (р.а.)
үйіне жүгіріп барып: «Анашым, жиһадқа қажет керек-
жарақтарымды әзірле, Расулуллаһ соғысқа дайында-
луды бұйырды», – дейді. Сонда анасы: «Сенен басқа
қасымда ешкімім жоқ екенін, сенсіз бір жерге де шыға
алмайтынымды біле тұра кетпекпісің?» – деп ренішін
білдірді. Әбу Һурәйрә болса: «Аллаһ Елшісінің
қасында болуым керек», – деп, анасының ренішінің
орынсыз екенін білдірмек болды. Анасы «осыдан
егер балам кететін болса, ақ сүтімді кешпеймін» деп
Аллаһтың атымен ант ішті. Ұлына білдірмей сыртқа
шығып, Пайғамбарымыздың қасына келді де, үйде
болған әңгімені баяндады. Аллаһ елшісі кейуанаға:
«Сіз ешнәрсеге алаң болмай қайта беріңіз», – деп
шығарып салды. Біраздан кейін Пайғамбарымыздың
қасына Әбу Һурәйрә келді. Пайғамбарымыз оған теріс
59
Ибн Мажә. Жиһад, 12.