Previous Page  59 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

59

әкеңнің жанына бар және оған қызмет жаса. Оның

ризашылығын алу үшін барыңды сал», – деп кеңес

берді және сөзінің соңын: «Аллаһтың атымен ант

ішейін! Егер де анасы тірі болып оған қызмет жасаған

болса, тозақ отына кірмейтіндігіне үміт арта алар

едім»,– деп тәмамдайды».

Ата-ананы тыңдау – нәпіл ғибадаттан үстем

Аллаһ тағаланың құлдарына қойған талапта-

ры бар. Бұларды міндетті түрде орындаулары керек.

Мұны парыз дейді. Бес уақыт намаз оқу, рамазан ай-

ында ораза ұстау, шамасы келетіндердің қажылыққа

баруы секілді құлшылықтар парыз ғибадаттар. Парыз

құлшылықтарды орындағандарға зор сауаптар жазы-

лады. Орындамағандар күнә істеген болып саналады.

Парыздар – Аллаһ тағала тарапынан құлдары

үшін бекітілген ең негізгі ғибадаттар. Парыздар-

ды орындағаннан кейін қосымша ғибадаттарды да

орындауға болады. Осы қосымша ғибадаттарды

«нәпіл ғибадаттар» дейміз. Мысалы ауқатты адамға

өмірінде бір мәрте қажылыққа бару парыз болса, ша-

масы келіп тағы да баруы нәпіл ғибадат болып табы-

лады. Адам баласының нәпіл ғибадаттармен өміріне

сән кіргізуі нұр үстіне нұр. Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадистерінде баяндалғандай,

құлдарды Аллаһ тағалаға ең көп жақындататын

парыз амалдар. Егер құл парыздарын орындап,

қосымша нәпіл ғибадаттарды да орындауға тырыс-

са, ол құлдың рухани дәрежесі көтеріліп, жүрсе де,

сөйлесе де, не істесе де тек қана Аллаһ тағаланың

разылығы үшін әрекет ете бастайды. Әрбір әрекеті

Аллаһ тағаланың қалауына сай орындалған құлдың

барлық іс-қимылы ғибадат ретінде қабыл болады.