Previous Page  55 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

55

қаншалықты маңызды екендігін айтып, ерекше ескер-

ту жасаған. Адамзаттың ардақтысы, ақыретке дейін

келетін адамзат баласының жаңылтпас жөн сілтеушісі

Пайғамбарымыз бұл хадисті сонау миғраждан

оралғаннан кейін айтқан болатын. Миғражда оған

қандай амалдардың жаннатқа, қайсысының тозаққа

апаратыны анық көрсетілген-ді.

«Исра» сүресінің 23-аятын түсіндіру барысында

айтқан нәрселерді еске түсірер болсақ, осы хадистің

сол аяттарды айқындай түсетініне көз жеткіземіз.

Ата-ананың екеуі немесе біреуінің қолымызда тұрып

қартаюы жүк емес, керісінше олар бізді жаннатқа апа-

рар пырақ деп білгеніміз абзал. Мұны әуелі он сегіз

мың ғаламның Жаратушысының Өзі және өмірінде

өтірік айтып көрмеген адамзаттың мақтанышы

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

айтып тұрса күн

демей, түн демей әке-шешенің алғысына бөленудің

жолын қарастыруымыз қажет.

Пайғамбарымыз жоғарыдағы хадисінде ата-

анасын риза ете алмаумен қатар «рамазан айына жете

тұрып рақым айының берекесінен мақұрым қалған

және пайғамбарымыздың аты аталған кезде Оған са-

лауат айтпаған адамды да қосып «жағдайлары қандай

өкінішті» деп үш рет айтқан болатын. Бажайлап қарар

болсақ Аллаһ тағала Өзінің сүйген құлдарына сан-

сыз жақсылық жасауымен қатар жаннатқа кіре білу

үшін осындай мүмкіншіліктер ұсынған. Ал осындай

тамаша мүмкіндіктер қолында бола тұрып уысынан

шығарып алған адамдардың жағдайы шынында да

«қандай өкінішті!».

Тәйлиә деген бір кісі Омар ибн Хаттабтың баласы

Абдуллаһқа (р.а.) анасы қолында тұратынын айтқан