52
Жұмақтың кілті жаныңда
пәк күйге түсіретін, Аллаһтың ризашылығына сай
орындалған қажылықты білдіреді. Демек ата-ананы
қуантып, мерейін өсіру – адамды сәбидей пәк, бейкүнә
қалыпқа түсіретін сиқырлы амал.
Жаннатқа апарар пырақ
Әуелі Адам ата топырақтан жаратылып, содан
кейін Хауа анамыз жаратылды. Олар ең алғашқы
отбасы еді және жаннатта өмір сүретін. Кейіннен
Аллаһ тағаланың хикметіне сай, олар ата жауымыз
шайтанның азғыруымен ол мекеннен шығарылған
болатын. Олар жаннаттан жер бетіне түсірілген кезде
өкінішке қарай олардың қасында қайтадан сол баяғы
шайтан бар еді. Адам ата мен Хауа анамыз жер бетіне
түскеннен кейін олардың алдынан екі жол ашылды:
біреуі нұрлы жол, екіншісі соңы қатерлі де қайғылы
отқа апарар жол. Қияметке дейін осы дүниеге келетін
адамдар осылардың біреуімен жол тартады. Я
жаннаттың төріне шықпақ, я тамұқтың шыңырауына
құламақ. Қысқаша қайырар болсақ, біз өзіміздің
әуел баста уысымыздан шығарып алған мекенімізге
қайта бару жолында шайтанның өзімен немесе оның
әскерлерімен өмір бақи күресіп өтеміз. Бұл жолда егер
бойымыздағы асыл қасиеттерімізді шыңдап адамзатқа
пайдалы бола білсек, шайтанның қызғаныштан өзегі
өртеніп аласұрады. Егер де нәпсінің жетегінде кетіп
жаман жолға түссек, шайтанның қуаныштан көкке
ұшары ақиқат. Бір адамның болса да жаннатқа кіруі
оны қайғы мұңға салып, жердің түбіне батырса, бір
адамның жаһаннамға кетуі оны шексіз қуантады.
Міне, адам баласының алдында ашылған осы екі
жол бар. Осы жолдармен талай адам жүріп өтіп, арғы
дүниеге аттанып та үлгірді.