48
Жұмақтың кілті жаныңда
жастың ұзаруына, берекеттің артуына себеп болады
деп айтылады.
Пайғамбарымыздың асыл жұбайы Умму Сәләмә
(р.а.) Аллаһ елшісінің аузынан мына хадисті естігенін
айтады:
«Жасалған әрбір жақсылық адамды жаман
жерден, басына келетін бәле-бәтерден сақтайды.
Жасырын берілген садақа Аллаһ тағаланың ашуын
басады. Туған-туыстарыңа барып, олармен арадағы
қарым-қатынасты жалғастыру өмірді ұзартады.
Жасалған әрбір жақсылық – садақа. Жақсылыққа
жаны құштар жандар бұл дүниедегі секілді
ақыретте де сол қасиеттерімен танылады. Жаман
пиғылды жандар болса, ақыретте сол сипаттары-
мен аталады. Жаннатқа бірінші болып кіретіндер
– қайырымдылықты көп жасап, соның жолын қуған
жандар»
44
.
Келесі хадисінде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
:
«Ата-анасын сыйлап, оларға қамқор болған
перзенттерге сүйінші айтамын. Аллаһ олардың
өмірін берекетті етеді»
45
, – деген. Иә, «Ата-анаңды
сыйласаң, көп жасарсың, сыйламасаң жан қинарсың»
деген мақал текке айтылмаған.
Аллаһ тағала құлдың жасаған жақсылықтарының
бірінің сый-ақысын дер кезінде береді. Бұл – туған-
туысқандармен жақсы қарым-қатынас жасап, оларға
ілтипат көрсету. Осы жақсылықты жасағандар Аллаһ
тағаладан сый-ақысын алу үшін ақыретті күтпейді.
Аллаһ тағала бұл жақсылығының қайтарымын осы
дүниеде береді. Қалай дейсіз бе? Олар ата-аналарының
44
әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Әусат. VI, 163-бет.
45
әл-Бухари. әл-Әдәбул-Муфрәд. I, 22-бет; әл-Хаким. әл-
Мустәдрәк. IV, 170-бет.