Previous Page  44 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 144 Next Page
Page Background

44

Жұмақтың кілті жаныңда

жүргені. Егер кәрі әке-шешесінің нәпақасын тауып

беріпжүрсе – Аллаһ тағаланыңжолындажүргені. Ар-

намысын сақтай отырып жеке басының нәпақасын

тауып жүрсе – Аллаһ тағаланың жолында жүргені.

Егер осы айтылғандар үшін емес, мақтаныш неме-

се басқалардан озу үшін жанталасып жүрсе, онда –

шайтанның жолында жүргені»,

– деді»

37

.

Демек, ата-ананың ас-ауқатын әзірлеп, жылы

төсекте отырғызып, қажетінше киіндіріп жағдайын

жасау – Аллаһ тағаланың жолында жүргендей абырой

әкеледі. Олай болса перзент ретінде адамдардың бәрі

ата-аналарының жағдайын ойлап, оларға жұмсалған

шығынды Аллаһ тағала жолында жұмсалған садақа

мен зекеттей көруі керек.

Ұзақ өмір, берекетті рызық

Бұл өмірде біз егістік алқабына егін егіп, астығын

жинап алуға үміттеніп жүрген диқаншы іспеттеспіз.

Ақылды диқаншы маусымы келгенде құнарлы

топыраққа ең сапалы дәнді сеуіп, астығын молынан

жинап алады. Ал біздің егістік алқабымыз – осы фәни

дүниедегі тіршілігіміз.

Өмірін Аллаһ тағаланың көркем есімдерін тамаша-

лаумен өткізіп, бұл дүниені егістік алқабындай қолданған

адамдар ұзақ жасай бергілері келеді. Себебі олардың

өмірі жайнаған гүлдей, жемісті бау-бақшадай. Адам

үшін ең маңыздысы да артында осындай өмір қалдыру.

Өмірін осылайша гүл-гүлістан ішінде өткізіп, берекетке

кенелуді мақсат тұтқандар үшін Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

:

«Кімде-кім өмірінің ұзақ, рызығының мол

және берекетті болуын қаласа ата-анасына жақсылық

37

әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Кәбир. XIX, 129-бет.