Previous Page  42 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 144 Next Page
Page Background

42

Жұмақтың кілті жаныңда

Жаратушыныңашуланып,қаһарлануынтудырады»

34

,–

деу арқылы үмбетіне ерекше ескерту жасаған.

Лұқпан хәкімнің баласына: «Балам! Ата-анасын

риза еткен Рахманның да ризашылығын алмақ. Ата-

анасын ренжітіп, жек көрінішті болғандар да Рахман-

ды ренжітіп ашуландырған болады. Балам! Ата-анаң

– жаннатқа кіретін есіктердің бірі. Егер олар сенен

риза болған болса сол есік арқылы жаннатқа кіресің.

Егер ризашылығын ала алмаған болсаң онда жаннатқа

кіруіңе кедергі қойылып, оған кіре алмайсың», – деп

өсиет еткендігі айтылады.

Әбу Дәрда (р.а.): «Аллаһ елшісінің «Әке (басқа

бір риуаят бойынша ана) – жаннаттың ең ортаңғы

қақпасы. Қаласаң бұл қақпаны сақта, қаламасаң

сақтама», – дегенін естідім»,– дейді

35

.

Осы тақырыпшаны мұсылман ойшылы Ф.

Гүленнің: «Хақ тағаланың мейіріміне бөленуіне се-

бепкер болғаны үшін ата-анасын қастерлеген адам-

дар – осы дүниеде де, арғы дүниеде де жұлдызы

оңынан туған ең бақытты жандар. Олардың тірі

жүргендерін ауырсынып, қабақ шытқан адамдар азап

тартпай қоймайды», – деген ұлағатты сөздерімен

тәмәмдайық.

Ата-анаға қамқорлық

Перзент өз күнін өзі көріп кеткенге дейін ата-

анасы түрлі қиындықтарды басынан өткізеді. Өзінен

бұрын баласын ойлап қамыққан ата-ана баласы үшін

жанын пида етуге бар. Жылдар бойы баласының

қуанышымен қуанып, қайғысымен қайғырады. Осы-

34

Бәйһақи.

Шуабул-иман. VI, 177-бет.

35

Тирмизи.

Бирр 3

; Ахмад ибн Ханбал.

Муснәд, V, 197-бет.